Атырау облысының Қаракөл ауылында шағын спортзал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының Қаракөл ауылында шағын спортзал ашылды

18.08.2021

Атырау облысының Қаракөл ауылында шағын спортзал ашылды. Мұнда панкратион, грэплинг сияқты бірнеше спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Бір уақытта ондаған адамның жаттығуға мүмкіндігі бар. Шалғай елдімекенде жүзеге асқан игі бастамаға «Батыр боламын» қайырымдылық қоры мұрындық болды. 2-3 айға созылған жөндеу жұмыстарын бастан-аяқ ауыл жастары атқарды.

Арман Уахап,   қайырымдылық қорының президенті:
Осы 21-22 жылдарға мақсатымыз 100 залға жеткізу. Сонымен қатар 10 мыңнан астам баланы спортқа баулу. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу