Маңғыстау облысының Есет ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысының Есет ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік орталық ашылды

26.06.2015
Маңғыстау облысының Есет ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік орталық ашылды

Маңғыстау облысының Есет ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік орталық ашылды.

Бұған дейін халыққа шағын ғана медициналық пунктте алғашқы көмек көрсетіліп келген. Негізінен дертіне дауа іздеген көпшілік аудан орталығына сабылатын. Қиындық артта қалды.

Бір мыңға жуық халқы бар ауылда құрылыс өткен жылы басталған еді. Салынған нысанның жалпы аумағы - 260 шаршы метр. Мекеме толықтай заманауи құралдармен жабдықталған.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу