Теңіз кенішінде науқастар саны соңғы үш күнде 2 есеге артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кенішінде науқастар саны соңғы үш күнде 2 есеге артты

18.08.2021

Атырау өңіріндегі Теңіз мұнай кен орнында эпидахуал күрт нашарлады. Соңғы 3 тәулікте науқастар саны бірден екі есеге артты. Бүгін 185 жұмысшы індеттің құрығына ілікті. Кенішке тиесілі инфекциялық стационарда 412 адам жатыр. Облыс орталығында да жағдай мәз емес. Қаланың өзінен 241 тұрғын инфекция жұқтырды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу