Теңіз кенішіндегі науқастар саны 4 есеге азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кенішіндегі науқастар саны 4 есеге азайды

22.02.2021

Павлодар облысы «қызыл» аймақтан шықты. Соңғы тәулікте 96 адам вирус жұқтырған. Екі айға жуық аймақта індетке шалдыққандар саны 200-ден түспей қойды. Ал, ақпанның алғашқы аптасында 1500, соңғы аптада 709 дерек тіркелді. Карантиндік шаралардың күшейтілгендігі короновирустың таралуына тежеу болды дейді эпидемиологтар. Екіншіден тұмау және басқа да вирустық аурулардың көп таралатын кезеңі аяқталып келеді. Коронавирустың жұғуы қайта етек алмауы үшін әзірге карантиндік шектеулер алынған жоқ. Ал, шекара арқылы өтетіндерді бақылау күшейтілді.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:
Ресей Федерациясымен шекарадағы автокөліктер өтетін 4 бекетте мониторинг жұмыстары қатаң бақылауда. Соңғы тәулікте 300 адам өткен екен. Солардың 7-еуі карантиндік стационарға оқшауландырылды. Ал, ПТР тесті болмаған бір адам кері қайтарылды.

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 4 есеге азайды. Осылайша кәсіпорында эпидахуал тұрақталып келеді. Қаңтар айында кеніштегі 1800-ден астам адамнан инфекция анықталды. Ал ақпанда, бұл көрсеткіш түсіп, кесел жұқтырғандар саны 529 болды. Бүгінде вахталық қалашық аумағында орналасқан 1360 орындық стационарда 215 науқас ем алып жатыр. Өткен тәулікте кеніштің 15 жұмысшысынан вирус анықталды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу