Бюджеттік мекеме қызметкерлері халық санағына тартылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджеттік мекеме қызметкерлері халық санағына тартылмайды

17.08.2021

Бюджеттік мекеме қызметкерлері күздегі халық санағына тартылмайды. Бірақ, азамат жүктелген қызметінен бос болса немесе еңбек демалысында жүрсе науқанға қатысып, еңбекақы алуға құқылы. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы мәлімдеді. Еске салсақ, халық санағына 32 мыңнан астам адам тартылады. Әрқайсысына орта есеппен 109 мың теңге еңбекақы тағайындалады. Қыркүйек, қазанда өтетін санақ екі тәсілмен жүргізіледі. Біріншісі sanaq.gov.kz сайтында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асады. Екінші тәсіл – дәстүрлі үй-үйді аралау. Науқанда ақпарат қауіпсіздігі назарда болады.

Нұрболат Айдапкелов, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:
Әр азамат туралы жиналған ақпарат біздің базаға түскен кезде, яғни планшетке немесе сайтқа түскен кезде арнайы кодтар арқылы шифрландырылады. Және қорғалған каналдар арқылы біздің орталық серверге келіп түсетін болады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу