Балқаш қаласында тексеру тобы тойға терезеден кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласында тексеру тобы тойға терезеден кірді

17.08.2021

Балқаш қаласында өткен тойға тексеру тобы терезеден кірді. Үйлестіру орталығына мейрамханалардың бірінде карантин талаптары бұзылғаны туралы ақпарат түскен. Мониторингтік топ бұл нысанға келгенде оның иесі есікті ашпай қояды. Ішке кіру үшін топ өкілдері төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырып, мейрамханаға терезе арқылы кірген. Енді нысанның иесі мен іс-шараны ұйымдастырушылар, тіпті тойға келген қонақтар да жауапқа тартылуы мүмкін.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу