Башқұртстан халқының жартысынан көбі екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Башқұртстан халқының жартысынан көбі екпе алды

12.08.2021

Ресей коронавирустан қайтыс болғандардың саны бойынша төртінші рет антирекорд орнатты. Бір күнде 800 адам індеттен көз жұмды. Қайтыс болғандардың 99 пайызы вакцина салдырмаған. Бірақ Башқұртстанда шектеу шаралары доғарылды. Өйткені тұрғындардың жартысына көбі екпе алып үлгерді.

Ресейде коронавирусқа қарсы екпе алғандардың саны - 38 млн-ға жетті. 85 өңірдің жартысы вакцинаны міндеттеді. Сондықтан бұл өңірлерде шектеу шаралары доғарылған. Мәселен Башқұрстанда 1 млн 900 мың адам екпе алуы тиіс, оның 50 пайыздан астамы вакцина салдырып үлгерді.

Евгения Никонова, қала тұрғыны:
Бүгін «Спутник-V» вакцинасының екінші компонентін алдым. Алғашқы салдырғанымда аздап дене қызуым көтерілді. Өзім қоғамдық жұмыспен айналысқан соң екпе салдырған дұрыс деп есептеймін. Осыған дейін қатты ауырып тұрдым, енді қайталанбаса екен деймін.

Жасы 60-тан асқандар да, жүкті әйелдер де екпе алуға міндетті. Ал кей мекемелер вакцина салдырған қызметкерлеріне түрлі жеңілдіктер, сыйлықтар жасауда. Мәселен, Уфадағы мұнай-химия екпе алған қызметкер 1 күнге жұмыстан босатылады әрі оған ақшалай сыйақы беріледі.

Олег Шурупов, кәсіпорын басшысы:
Ақшалай сыйақы 1 қыркүйекке дейін екпе алғандарға тағайындалады. Жұмыста жеңілдік жасалған соң вакцина салуға ниет танытқандардың қатары бірден көбейді. Қоластымда жұмыс істейтін 900 адам екпе салдырды.

Енді Башқұрстанда вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойнатылады, ынталандыру сыйлығы – бір орама шөп. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері да жаппай вакцина салдырып жатыр. «Сондықтан жоспарланған жарты жылда емес, екі айда ұжымдық иммунитет қалыптасады», дейді мамандар. Өңірде жоғары оқу орындары мен мектептерде сабақ дәстүрлі форматта өтеді. Өйткені Ресей қыркүйек айының ортасында балаларға арналған вакцинаны ресми түрде тіркемек. Қазір сынақ аяқталды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу