БҚО-да кәсіпорын жұмысшыларының жартысынан астамы екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да кәсіпорын жұмысшыларының жартысынан астамы екпе алды

02.07.2021

Батыс Қазақстанда да өндіріс орындарында ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін жұмысшылар екпе алып жатыр. Машина жасау кәсіпорнында еңбек ететін мыңнан астам жұмысшының жартысынан көбі «Спутник V» препаратын алып үлгерген. Егер екпеден кейін жұмысшы өзін жайсыз сезінсе, басшылық бір күн жалақысы сақталатын демалыс береді. Вакциналау әлі де жалғасып жатыр. Қызметкерлердің айтуынша, бір адамның ауырғаны - бүкіл ұжымға қауіп. Сондықтан жасы да, кәрісі де сақтық шарасын қолға алған.

Жәкен Қапезов, жұмысшы:
Мен осы жылдың мамыр айында екпе алдым, біріншісін. «Спутник V». Екіншісін 21 күннен кейін алдым. Өз әсерін тигізеді деп ескерткен. Бас ауруы, әлсіздік, яғни симптомын беруі керек. Бірінші күні ауырдым, екінші күні бірден қойды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу