«Қазақстанның Паралимпиада спортын қолдаймыз» челленджі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның Паралимпиада спортын қолдаймыз» челленджі басталды

12.08.2021

Токиода өтетін Паралимпиада ойындары қарсаңында «Қазақстанның Паралимпиада спортын қолдаймыз» челленджі басталды. Ұлттық паралимпиада комитеті жариялаған шараға қатысушылар отандық спортшыларға қолдау білдерген бейнеүндеу түсіріп, инстаграмм әлеуметтік желісіне жүктеу қажет. Айта кетейік, биылғы спорт додасы 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Оған еліміздің атынан 25 паралимпиадашы қатысып, спорттың 7 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Қазір спортшылар өздерінің соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу