#Republicday челленджі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

#Republicday челленджі басталды

17.10.2023

Республика күні ұлттық мереке қарсаңында ел жастары #RepublicDay мерекелік челленджін бастады. Акцияның мақсаты – Республика күнін мерекелеу аясында жастар арасында ұлттық мерекенің мән-маңызын ашу және насихаттау, жастардың жеткен жетістіктері мен елдің дамуына қосудағы үлесін жариялау. Мерекелік челленджге барша қазақстандықтар қатыса алады. Бұл үшін әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жетістіктерінің тарихы мен еңбек жолындағы қызықты деректерімен бөлісуі қажет.

Азамат Нұғыманов


Хабарламаларға жазылу