Жамбыл облысында дін саласы қызметкерлерінің 90 % екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында дін саласы қызметкерлерінің 90 % екпе алды

10.08.2021

Жамбыл облысында имамдар мен мешіт қызметкерлері жаппай вакцина салғызып жатыр. Бүгін аймақтың бас имамы және бір топ дін өкілдері екпе алды. Өңір бойынша 319 мешітте 450 адам жұмыс істейді. Қазір олардың 90 пайызы вакцина салдырған. Қауіпсіздік мақсатында бас санитар дәрігердің қаулысымен аймақ мешіттерінде жұма намазы оқылмайтын болып шешілді. Облыста 582 000 адамды коронавирусқа қарсы вакциналау жоспарланған. Қазір олардың 50 пайызы екпе алған.

Бейбіт Мырзагелдиев,  Жамбыл облысының бас имамы:
Халықпен көбірек имамдар жұмыс істейді. Сондықтан имамдар қауымына да көбірек насихат жүргізіп жатырмыз. Себебі әртүрлі жағдай болады. Былтырғы жылы имамдардың арасында біраз дін қызметкерлері дүниеден озды. Сондықтан да біз ғылымның жеткен жетістігіне амал етейік деп екпе салдырып отырмыз. Шариғатта да бұл екпе салдыруды құптайды.


Хабарламаларға жазылу