Жамбыл облысының дәрі-дәрмек қоймаларында 70 мыңнан астам доза вакцина сақтаулы

28.05.2021

Жамбыл облысының дәрі дәрмек қоймаларында 70 мыңнан астам доза сақтаулы тұр. Оның 36 мыңнан астамы ресейлік спутник-V екпесі болса 16 мыңдайы Хаят Вак вакцинасы. Ал, қалғаны өңірдің өзінде өндірілген антивирус. Қазір екпе жұмыстары өңірдегі қырықтан астам арнайы орындарда егілуде. Жалпы, Жамбыл облысында ковидке қарсы екпені жүз мыңнан астам тұрғын алды. Олардың 13 мыңдайы медицина саласының қызметкерлері болса 18 мыңнан астамы білім саласын мамандары. Жалпы екпе салдырған азамматтардың 35 мыңнан астамы екпенің екінші дозасын алып үлгерген.


Хабарламаларға жазылу