Жамбыл облысында ковидке қарсы 45 педагог вакцина салдырды
Жамбыл облысында бүгін 45 педагог ковидке қарсы екпе жасатты. Вакцина алған мұғалімдер енді стационарлық бақылауда болады. Өңірде екпе салдырудың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Вакцина алған 850 медицина қызметкерлерінің денсаулығында еш өзгеріс болмаған. Ал, клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінде отандық вакцина сынақтан сәтті өтсе қалған тұрғындарға ерікті түрде салынады.
Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Қазір үшінші клиникалық сынақ өтіп жатыр, оның ішінде 1000 адам біздің Жамбыл облысынан ерікті түрде қатысты. Олар да қазір бақылау сатысында, әзірге алғашқы нәтижелері жаман емес.
Қызылордалық ұстаздар да ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруда. Алғашқы кезеңде 8 мың қызметкердің 20 пайызын қамту көзделген. Сондай-ақ, ауыл аймақтағы мұғалімдерге де наурыз айында екпе салынады. Облысқа 6200 доза вакцина жеткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06