Тимановская Минскке оралудан бас тартып, Токиодан Венаға ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимановская Минскке оралудан бас тартып, Токиодан Венаға ұшты

04.08.2021

Бүгін таңертең Беларусь спринтері Кристина Тимановская Токиодан Варшаваға емес, Австрия астанасы Венаға ұшты. Мұндай шешімді ол қауіпсіздік мақсатында қабылдаған. Бұған дейін оған Польша үкіметі саяси баспана берген еді.

Беларусь үкіметі спортшы қызды Олимпиада ойындарынан күшпен Минскке әкетпек болды. Алайда, Тимановская өзін елде жаза күтіп тұрғанын алға тартып, ұшаққа отырмады.

Мұның алдында спринтер «Инстаграм» арқылы ел үкіметін өзін дайын емес қашықтыққа жүгіруге мәжбүрлемек болды деп айыптады. Соңғы мәліметке қарағанда, қазір тағы бір беларусьтік жеңіл атлетші – Яна Максимова Германиядан еліне қайтудан бас тартып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу