Ақтауда жылқылар көшедегі жасыл желекті отап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жылқылар көшедегі жасыл желекті отап жатыр

02.08.2021

Ақтауда жылқылар қалалық паркте емін-еркін жайылып, жасыл желекті отап жатыр.

Қалалық парктен өзге 8-ші, 6-шы және 1-шағын аудан ішінде жануарлардың жайылып жүргенін тұрғындар бейнежазбаға түсірген. Қуаңшылықтың кесірінен онсыз да жасыл желекке жарымаған қала көшелеріндегі талдарды отаған мал иелерін жазалауды талап етуде. Жыл басынан бері облыс орталығында малына ие болмаған 30 адамға айыппұл салынған.

Серік Гусман, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:
Мал иелері әлі күнге шейін өкінішке орай немқұрайлылық танытып, үй жануарларының қала аумағына кіріп кетуі жиі болып тұр. Сондықтан негізгі жолы бұл жерде айыппұлдың санын құнын көбейту. Сол арқылы бұл мәселе шешіледі деген ойдамыз.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу