Түркияда аптап ыстық басылмай тұр
Түркияның батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық басылмай тұр. Соңғы күндері Стамбұл қаласында термометр бағаны 40 градусқа дейін көтерілді. Ауаның ылғалдылығы 80-90 пайызға дейін жетуі жағдайды тіпті ушықтырып жіберген. Қапырық қатты сезіледі. Осыған байланысты Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тұрғындарды алдағы он күнде түс мезгілінде далаға шықпауға шақырды. Әсіресе қан қысымы жоғары адамдар мен балалардың мүлде күн көзінде жүрмеу керектігі ескертілді. Синоптиктер биылғы жазда Анадолы елінде ауа температурасы жылдағыдан бірнеше градус жоғары болып тұрғанын айтады.
Мехмет Өздемиржи, метеорология басқармасының маманы:
Ауа температурасы биыл жазда жылдағыдан 4-8 градусқа жоғары болып тұр. Әсіресе Стамбұл қаласы мен оңтүстік өңірлерде аптап ыстық. Кей жерлерде температура 40-41 градусқа дейін көтерілді. Ыстықтың түн мезгілдерінде де 25 градустан төмендемеуі бұрын тек тропикалық елдерде болатын. Ғаламдық жылынудың әсерінен қазір біздің елде де күн райы осылай өзгерді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14