Атырауда 1-5 сынып оқушылар қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 1-5 сынып оқушылар қашықтан оқиды

16.04.2021

3 аптадан астам уақыт «Қызыл» аймақта тұрған Атырау өңірінде ертеңнен бастап карантин тағы да күшейтіледі. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сай,енді 1-ші және 5-ші сынып аралығында оқитын балалар онлайн режимге көшіріледі. Сондай-ақ, жексенбі күні сауда-ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметі доғарылады және қоғамдық көліктер тоқтатылады. Діни орындарда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Облыста эпидахуал әлі де күрделі. Әсіресе қалада індет өршіп тұр. Өткен тәулікте 117 адамнан коронавирус анықталды. Соның 90-ы шаһар тұрғыны. 

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу