Елімізде вирус қатты таралып жатқан өңірлер енді «қою қызыл» сызықпен белгіленбек. Бас санитар Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, жұқпалы төсек-орындардың 70 пайызы толған және 100 мың адамның 200-ден астамы ауруханаға жатқызылған аймақтар осылай белгіленеді.
2 тамыздан бастап індет өршіп тұрған өңірдегі кәсіп нысандары түгел «Ashyq» жобасын енгізбесе, жұмысы тоқтатылады. Спорттық шараларға тиым салынады. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерінің 80 пайызын қашыққа көшіруі керек.
Амангелді Сейітхан