Биыл мектептерде жаңажылдық шаралар өте ме - министрлік жауап берді

17.11.2020
Биыл мектептерде жаңажылдық шаралар өте ме - министрлік жауап берді

Биыл мектептерде мерекелік шаралар өтпейді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

«Кезекші сыныптардағы оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар ұйымдастырылмайды», - деді ол Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Сондай-ақ комитет төрайымы баспасөз мәслихатында қай өңірлер коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» енгенін де атап өтті.

«Қазіргі таңда бізде «қызыл аймақта» Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. «Сары аймаққа» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай және Павлодар облыстары енді. Қалған өңірлер «жасыл аймақта», - деді Есмағамбетова.
жаңа жыл мектеп

Хабарламаларға жазылу