Сарапшылар: Қытай жасырын түрде ядролық зымыран базасын салып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Қытай жасырын түрде ядролық зымыран базасын салып жатыр

29.07.2021

Қытай ірі ядролық зымыран базасын құпия түрде салып жатыр. Ол Шыңжаң провинциясының Хами қаласы маңында бой орналаспақ. Мұны Американың «Планета» деген коммерциялық операторы спутниктен алынған жоғары шешімді суреттерге сүйеніп хабарлап отыр.

Сарапшылардың болжамынша, ракеталық шахталардың құрылысы енді басталған.

Пентагонның есебінше, Қытай өзінің 200-дей ядролық оқтұмсығын екі есеге арттыруды көздеп отыр. Айта кетсек, АҚШ-та мұндай атомдық қарудың 3800, Ресейде 1420 данасы бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу