Талғат Мұсабаев: Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы жұмыстарын жалғастыра береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Мұсабаев: Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы жұмыстарын жалғастыра береді

28.10.2015
Талғат Мұсабаев: Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы жұмыстарын жалғастыра береді
Ресей мен Қазақстан бірлесіп салып жатқан «Бәйтерек» зымыран –ғарыш кешенінің жұмысы ойдағыдай жүзеге асуда.

Ресей Байқоңырдан кетуге әлі асықпайды. Ресейдің Амур облысында «Восточный» ғарыш айлағының құрылыс жұмыстарын аяқтаса да, Байқоңырдан кетулері екіталай. Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев журналистермен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Ал, Ресей мен Қазақстан бірлесіп салып жатқан «Бәйтерек» зымыран –ғарыш кешенінің жұмысы ойдағыдай жүзеге асуда. Бұл жоба қоршаған ортаға қауіпсіз «Ангара» зымыран тасығышының негізінде жүзеге асырылмақ.

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу