Ауғанстанда жарияланған коменданттық сағат тәліптердің қозғалысын шектеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жарияланған коменданттық сағат тәліптердің қозғалысын шектеді

28.07.2021

Ауғанстанда жарияланған коменданттық сағат "Талибан" күштерінің қозғалысын шектеді. Елдің 33 провинциясының 31-де күшіне енген жаңа режимге сай, тұрғындарға кешкі сағат 10-нан таңғы 4-ке дейін көшеге шығуға тыйым салынған. Ауған үкіметі өз бақылауындағы аудандарға коменданттық сағатты тәліптердің зорлық-зомбылығын тоқтату үшін енгізіп отыр. АҚШ әскері елден кете бастағалы, радикалдық қозғалыс шабуылдарды үдете түскен. Тәліптер ауған жерінің 90 пайызын өз қарамағына алғанын мәлімдеді. Бірақ, бұны ел үкіметі растамады. Ал, тәуелсіз сарапшылардың пікіріне сүйенсек, тәліптер мемлекет аумағының 50 пайызымен бірге Иранмен, Пәкістанмен, Түрікменстанмен, Тәжікстанмен арадағы шекарада бірқатар маңызды пункттерді басып алған. Дегенмен, Ауғанстандағы бірде-бір ірі қала олардың қолына өтпей, үкіметтің бақылауында қалып отыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу