СҚО-да коронавирусқа шалдыққандарға арналған қосымша стационарлар ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да коронавирусқа шалдыққандарға арналған қосымша стационарлар ашылды

28.07.2021

«Қызыл» аймақтағы Солтүстік Қазақстан облысында індетке шалдыққандар саны азаймай тұр. Керісінше өткен аптамен салыстырғанда 3,6 есе артты. Соңғы тәулікте 134 адам ковид жұқтырған. Олардың көбі - 40 жасқа дейінгі азаматтар. Қазір 635 науқас ем қабылдап жатса, 22-сі - бала. Дәрігерлердің айтуынша, көбінің жағдайы ауыр. Өздігінен тыныстай алмайды. Орын тапшылығының алдын алу үшін колледж жатақханаларының бірі мен аурухана қайта жарақталып, науқастарды қабылдап жатыр.

Әсет Жұматаев, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Сырқаттанғандардың 92 пайызы ауру симптомдары бар. Ауырғандардың жасы өзгерді. 57 пайызы 40 жастан кіші азаматтарды құрайды. Бұл көрсеткіш бұрын 40 пайыздан аспайтын. Нәрестелердің арасында ауру байқалады. Симптомды түрде өтуі байқалады.

Эльмиа Кәленова


Хабарламаларға жазылу