Зиялы қауым өкілдері халықты вакцина алуға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялы қауым өкілдері халықты вакцина алуға шақырады

27.07.2021

Екпе алуда елдің зиялы қауым өкілдері де белсенділік танытып жатыр. Қоғам қайраткерлері вакцина – індеттен құтылудың ең тиімді тәсілі екенін айтады. Олар тұрғындарды өз жақындарының сондай ақ жалпы халықтың алдындағы жауапкершілікті сезініп, қауіпті індеттен сақтануға шақырды.

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті:
Бір мекемеде 10 адам жұмыс істесе, 9-ы алды вакцина, 1 адам алған жоқ. Сол адам барлығына әр уақытта қауіп төндіріп тұрады. Сондықтан вакцинаны барлығы алу керек. Сонда ештеңеден қорықпай жұмысқа шығу керек.

Сәуле Досжанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Қаншама біз білмейтұғын адамдар өмірден өтіп кетіп жатыр. Отбасымен, әйелдерімен кетіп жатыр. Көріп отырсыздар. Соның барлығы вакцинаға үлгермей қалды деп өкініп жатыр балалары. Сондықтан вакцина алып, ауырсаңыздар да жеңіл желпі жағдай өтеді.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу