Зиялы қауым өкілдері Н.Назарбаевқа саулық тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялы қауым өкілдері Н.Назарбаевқа саулық тіледі

18.06.2020
Зиялы қауым өкілдері Н.Назарбаевқа саулық тіледі

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, жазушылар Сұлтан Оразалин мен Төлен Әбдік, ақын Серік Тұрғынбекұлы Нұр-Сұлтан қаласының зиялы қауым өкілдері атынан Елбасына жеделхат жолдады.

«Жаһанды жаулаған COVID-19 дертінің Сізден де табылғанын естіп, бұл жайсыз хабарды алаңдаушылықпен қабылдадық. 

Сіз саналы ғұмырыңызда салауатты өмір салтын ұстануды, денсаулықты күтудің өнегелі үлгісін көрсетіп келесіз. Рухыңыздың мықтылығымен, қайраткерлігіңіз бен жігеріңіздің арқасында бұл дертті де еңсеріп шығатыныңызға кәміл сенеміз.

Сексеннің сеңгіріне шыққан мерейлі жасыңызды ел болып атап өтіп, тоқсанның торқалы тойын көре бергейсіз. Өзіңізге тек зор денсаулық, амандық тілейміз», - делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу