Науқан ауыл тұрғындарының саяси белсенділігін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Науқан ауыл тұрғындарының саяси белсенділігін арттырады

25.07.2021

Әкімдер сайлауы ауылдағы ағайынның саяси мәдениеті мен белсенділігін арттырады. Сарапшылар азамат өзінің дауыс беруі арқылы үміткердің сайлауалды бағдарламасына қолдау көрсетеді дейді. Ал саяси партиялар ұсынған үміткер мен өзін өзі ұсынған кандидат арасындағы бәсекелестік халықтың тұрмыс сапасын арттырудағы жұмыстарды ширата түседі. Әкімдер елді мекеннің өзекті проблемаларын оңтайлы шешуге, сол арқылы халықтың сенімін арттыруға мүдделі болады.

Индира Рыстина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
Екі ұсыну формасы арасындағы бәсекелестік біздің жалпы саяси реформаларға, ауылдың проблемаларын жақсы түсінуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз артынан ауылдың саяси өмірінің, экономикалық-әлеуметтік дамуына үлкен мүмкіндіктер және жағдай жасайды деп сенеміз.

Слямжар Ахметжаров, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері:
Ауыл тұрғындарында әкімге ықпал ету тетіктері пайда болады. Осыған дейін тағайындалатын әкімдер аудан немесе облыс алдында жауапты болатын. Енді ауыл азаматтары алдындағы жауапкершілігі артады. Бұл ауылдың қоғамдық өміріне оң ықпал етеді.


Хабарламаларға жазылу