Алдағы сайлау - елдегі демократияның көрінісі – халық пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы сайлау - елдегі демократияның көрінісі – халық пікірі

01.02.2023

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы электораттың саяси белсенділігін арттырып, елдің дамуына серпін береді. Сондай-ақ сайлау - елдегі демократияның айқын көрінісі. Қоғам пікірі осындай.

Алмасбек Мәуленов, филология ғылымдарының докторы, доцент:

Сенаторлыққа, оның алдындағы референдумға дауыс беру, сайлауға қатысуда халықтың сенімі күннен күнге ұлғайып келеді десем болады. Бұл жолы да саяси науқан келе жатыр, осы саяси науқанда Қазақстан халқының белсенділігі төмендемей, қайта жоғарылай түседі деп ойлаймыз. Өйткені, әр қазақстандық жаңаша өмір сүруге, өздерінің табыстарын демократиялық бағытта жеткізуге деген ұмтылысы айдан анық.

Нұргүл Алдабек, оқытушы:

Осы алдымыздағы күтіп отырған кезектен тыс сайлаудан бүкіл халық, ел үлкен үміт күтеді деп ойлаймын. Депутат деген сөздің қазақша мағынасын елдің жанашыры деп түсінемін. Сондықтан, елдің қамын ойлайтын, әлеуметтік жағдайына үлкен көзбен қарайтын азаматтар сайланса екен.

Ерасыл Дарханұлы, студент:

Осы саяси науқан тікелей ел мүддесіне, ел тағдырына әсер ететіні айдан анық. Осы Мәжіліс сайлауында, жалпы саяси науқанда естіген көңілге қонымды дүние - ол партия өкілдерінің санының азайғаны. Себебі, статистикаға емес, санға да емес, сапаға жұмыс істеуіміз керек. Бұл кемелді келешектің іргетасы деп санаймын өзім.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу