Азия жастары жаһандық мәселелерді шешуге атсалысып жатыр

27.09.2019

Бүгін елордада ІІ Орталық Азия БҰҰ Халықаралық моделі конференциясы басталды. Жастар жылына арналған жиынға Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Пәкістан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ауғанстан және Өзбекстаннан 250 делегат келген. 

Конференцияның басты мақсаты - жастарды Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына тарту. Қатысушылар жойылып кету қаупі төніп тұрған тілдердің сақталуы, ғарыш кеңістігінде қару-жарақтың таралуы, санкциялардың халықаралық саясатқа әсері, мектептерге жасалған шабуылдардың көбеюі сынды халықаралық мәселелерді көтереді. «Бұл жастардың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттырады», - дейді ұйымдастырушылар.  

Уалихан Бахретдинов, «Орталық Азия БҰҰ моделі» үйлестіру орталығының жетекшісі:

Модель аясында әр қатысушы өзінің дипломатиялық қабілеттерін дамытып, білімдерін арттырады. Жастар халықаралық деңгейдегі маңызды проблемаларды шешуге атсалысады. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу