Ауыл әкімдерінің сайлауына 2297 үміткер тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл әкімдерінің сайлауына 2297 үміткер тіркелді

25.07.2021

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдардың әкімдерін сайлауға 2297 үміткер тіркелді. Республика бойынша сайлауға қатысу үшін жалпы 2582 адам өз кандидатурасын ұсынған болатын. Еліміздегі 6 саяси партия өз кандидаттарын ұсынып отыр, олардың саны 878 адам. Ал 1419 үміткер өзін-өзі ұсынғандар. Айта кеткейік, бүгін 730 елді мекеннің әкімі тікелей сайлау арқылы анықталады. Ел тарихында әкімдер сайлауы алғаш рет 14 өңірде бірдей өтіп жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу