Экология министрлігі 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Қазір жұмыс басталып кеткен. Биыл көктемде 81 миллион ағаш егілсе, күзде тағы 50 миллиондайын отырғызу көзделген. Елді жасыл желекке айналдыру үшін далада қонып, тынбай еңбектеніп жатқан экологтардың жұмысын тілшіміз көріп келді.
«Бурабайда» ерте көктемде басталған жұмыс әлі қызу жүріп жатыр. Мұнде негізінен терек пен қайың көптеп отырғызылып жатыр. Мақсат - Көкшетау мен Елорданың ортасын орманға айналдыру. Ал, ел бойынша 2 миллиард ағаш егу. Оның жартысына жуығы сексеуіл болмақ.
Әліби Ғазизұлы, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК бас директоры:
Сексеуілдің мына экология жүйесінде орны өте зор. Бір ғана түбі 4 тонна тұзды ұстап тұрады. Қазір енді шөп мәселесі қандай болып жатқанын естіп отырсыздар ғой. Қызылорда да, Маңғыстау да. Шөп жоқ. ҚҰм боп кеткен. Сексеуіл өссе жанына не щығады, жыңғыл шығады. Барлық неше түрлі шөптер шығады. Содан кейін биорознообразия дейміз аң тіршілі кбәрі шығады да, жер құлпырады. Соған көмектесуіміз керек.
Бұл жобаға 5 жыл ішінде республикалық бюджеттен 22 миллиард теңге бөлінбек. Өйткені, ағаш отырғызу сырттай оңай көрінгенімен машақаты көп жұмыс дейді мамандар. Себебі бір тұқымды орманға егу үшін оны зертханада 2 жыл күту қажет. 4 кезеңді сынақтан өткізіп, сол аймақтың ауа райына бейімдеу керек.
Олжас Данияров, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК «Солтүстік аймақ» филиалының директоры:
Қолдағы материал екі жылдық. Дайын міне тамырымен.
Экологтарды алаңдатқан тағы бір мәселе – қазір ағаштардың вирустық аурулары көбейген. Мәселен, биыл 12 мың гектар аймақта сексеуілге түскен вирус жойылған. Ал, оның алдын алу үшін материалдық-техникалық базаны жаңарту маңызды.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Қазір еліміздегі орманның жалпы көлемі жеріміздің 4 жарым пайыздан астамын құрайды екен. Енді мына қызық ақпаратқа қараңыз. Егер алдағы 5 жылда жоспарланған 2 млрд ағаш толық отырғызылса онда бұл көрсеткіш 5 пайызға жетеді екен.
Аманкелді Сейітхан