Алматыда 1 миллион ағаш отырғызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 1 миллион ағаш отырғызылады

04.10.2019

Алматы көшелеріне көрік беріп тұрған ағаштардың 50 пайызға жуығын жаңарту қажет. Бұл туралы № 105 мектепте өткен «Экология сағатында» қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты.

Оның сөзінше, алдағы екі-үш жылдың ішінде бір миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Мәселен, осы айда барлық мектептің ауласына төрт мың екі жүз ағаш егіледі. Бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға сеп болмақ. Ал, «Экологиялық сағатта» табиғаттың жас жанашырлары ауаның тазалығын сақтауға байланысты жобаларын ұсынды.

Сонымен қатар, мектеп ауласына бірнеше түп ағаш отырғызды.

Гүлнәр Қожабергенова, қалалық Білім басқармасының басшысы:

Бұл жерде біздің мақсатымыз – балаларды қазіргі сол мектепте оқып жүрген кезінен бастап қоршаған ортаны қорғауғатәрбиелеу. Негізінен, әрбір азаматтың парызы ғой. Дегенмен, бүгінгі сабақтан балалардың алары көп деп ойлаймыз.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу