Коммунистік партия сайлауда үгіт-насихат жасайтын азаматтарды оқытып жатыр

04.11.2020

Қазақстан коммунистік халық партиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат сайлауында үгіт-насихат жүргізетін азаматтарды оқытуды бастады. Яғни, бұл азаматтарға заң талабына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп жатыр. Сондай-ақ насихат қағаздарын қайда ілуге болатыны жайлы ақпарат беріп, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары үйретілді. Айта кетейік, үгіт-насихат жұмыстары желтоқсанның 10-ы күні кешкі сағат 18:00-де басталады.

Нұрдәулет Оразханов, ҚКХП Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің бірінші хатшысы:
Үгіт-насихат материалдарын тарихи құндылығы бар ескерткіштерге жабыстыруға болмайды. 

Амангелді Сейітхан

ҚКХП сайлау мәжіліс сайлауы

Хабарламаларға жазылу