Шымкент тұрғыны Самсунг Галакси А3 смартфонын ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент тұрғыны Самсунг Галакси А3 смартфонын ұтып алды

26.04.2016
Шымкент тұрғыны Самсунг Галакси А3 смартфонын ұтып алды

Оның шарты бойынша, қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін дұрыс әрі нақты болжаулары керек болатын.

15 сәуірде басталған байқауға жалпы саны 4 мыңнан астам жауап келіп түсті. Осы жекпе-жекке дәл болжам жасаған шымкенттік көрерменіміз Мұрат Батыров байқауымыздың бірінші жеңімпазы атанды.

Мұрат Батыров 1986 жылы Шымкент каласында туған. Халықаралық Қазақ-Түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда ол жеке кəсіпкер. Сондай-ақ, бокспен де шұғылданады екен.

«Әкем жеке кәсіпкер, анам үй шаруасында. Өзім үйленгенмін, үш баланың әкесімін. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Қазақ боксының жанкүйерімін. Г.Головкиннің жекпе-жектерін үзбей тамашалаймын және өзім де бокспен тұрақты түрде шұғылданамын.

«Головкинмен бірге жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Осы жекпе-жекті көрерменге ұсынғанына және байқауды ұйымдастырғаны үшін Ұлттық арнаға алғысым шексіз. Сіздерге табыс пен жетістіктер тілеймін! Қазақстан, алға!!!», - дейді М.Батыров.

Головкин-Уэйд кездесуін kaztrk.kz сайтының өзінен бір мезетте 600 мыңнан аса жанкүйер ал, тікелей эфир арқылы 2 миллион 763 мың көрермен тамашалады.

Хабарламаларға жазылу