Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына барды

06.02.2019

Түстікке барған Мәжіліс депутттары «Отырар сүт-ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Шаруашылық тәулігіне 5 тонна сүт өнімдерін шығарады, 150 жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Сапар аясында халық қалаулылары «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалының кезектен тыс конференциясына қатысты. Партия мүшелерін тыңдап, Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалу барысын білді.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шынын айту керек, көп жақсы істер жасалып жатыр. Әлі де жасалатын жұмыстар көп. Қазір халықтың талабы басқаша. Тек қана мектепті ғана салып қоймай, білімнің сапасын дұрыстау керек, аурухананы да салып қоймай, қызмет сапасын арттыру керек деген талаптар айтылып жатыр. Бұл жердегі адамдар бизнеске бейімделген. Әйелдерге жаңа технология дегенді үйретіп жатырмыз.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу