Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды археологиялық кешенінде қола, ерте темір дәуірлеріне жататын қорымдар зерттелуде. Мұндағы табылған жәдігерлерді бағамдай келе ғалымдар осы төңіректегі Қызылжартас қорымында сақтар заманының патшасы жерленген, -деген болжам жасап отыр. Тілшіміз Руслан Нұрланұлы археологтар анықтаған жаңалықтармен танысып қайтты.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Талды археологиялық кешенін келешекте аспан астындағы мұражайға айналдыру жоспарда бар. Мұндағы ең ерекше жерлердің бірі ерте темір джәуіріне жататын мына қос сақ қорымы. Бұл қорымдардың ғылымға берер жаңалығы мол дейді ғалымдар.
Қызылжартаста 2500 жыл бұрын салынған қорымдардың алғашқысы былтыр зерттелген. Бұл жерден 4 бірдей тас мүсіннің табылуы балбал тастардың түркі заманында емес, одан әрі сақтар кезінде болғанын айдай әлемге паш етті. Одан бөлек түрлі алтын әшейкейлер, қару-жарақ , құрбандыққа шалынған мал сүйектері табылған. Ал биыл оның маңындағы екінші қорым аршылуда. Өкінішітісі сол, қорымдар ертеректе көп тоналып, сәулеті бұзылған.
Арман Бейсенов, «Беғазы-Тасмола» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
Ормен қоршау, сосын тас қоршау салу сыртына деген, оның сыртына дөңгелектенген диаметрі 3-3,5 метр арнайы шеңберлер жасаған. Ол сол арнайы мал шалған құрбандық орындары. Сол әлгі алтынмен апталған, күміспен қапталған сол сақ бабаларымыздың бір патшасы жерленген осы Қызылжартаста.
Ал мынау Сеңкібай қорымы. Мұнда б.3.д. 2 мыңыншы жылдың 1-ші жартысы, яғни қола дәуірінің 200-ден астам қорымы жатыр. Гранит таспен салынған жерлеу орындарынан адам қаңқалары, қоладан жасалған қару-жарақ, шаруашылық заттары, қыш ыдыстар табылған.
Игорь Кукушкин, «Сарыарқа» археологиялық институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Бұл қорымдарда жалпақ гранит тастарды өте тиімді пайдаланған. Сол кездегі адамдар бұл материалды алатын жерді білген және ол тастарды төртбұрышты , тегіс етіп өңдей алған. Сондай-ақ салмағы тым айыр тастарды тасымалдаудың технологиясын да ойлап тапқан. Осы Талдысай аумағында табылған жылқы сүйектері, дөңгелекті арбалар соның дәлелі.
Бұл төңіректің кешенді зерттелуіне 2015 жылы осы аумақтан Қаражартас қорымы мен атақты «Сарыарқа пирамидасының» табылуы себеп болды. 2018 жылы Талды археологиялық кешенін ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру үшін үш жылдық жоспар қабылданған.
Түлкібай Төлеуов, облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:
20 шақты археологиялық нысандарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, 15 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері жаман емес. Әлемдің дәрежедегі жаңа жәдігерлер табылып жатыр. Пирамида бүкіл әлемге белгілі болып жатыр. Аспан астындағы мұражайдың құжаттарын дайындап, соны тіркеуден өткізіп, биыл ашамыз деген жоспарымыз бар.
Талды аумағында орта ғасыр ескерткіштері де өте көп. Төрт мың жылдық тарихтан сыр шерткен шежіре даланы археологиялық паркке айналдырса, өскелең ұрпақ үшін берер тағылымы зор болмақ.
Руслан Нұрланұлы