Алматыда Тәуелсіздік жылдары жарық көрген кітаптардың көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Тәуелсіздік жылдары жарық көрген кітаптардың көрмесі өтті

08.07.2021

Алматыда ерекше көрме өтті. Оған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қайнар академиясы ғалымдарының тәуелсіздік жылдары жарық көрген еңбектері қойылды. Қазақ өркениеті, экономика теориясы, психология туралы жаңа кітаптардың да тұсаукесері өтті. 30 жыл ішінде заң, тіл білімі, педагогика, журналистика, шет тілдері мен информатика салалары бойынша мыңға жуық монографиялық еңбектер мен оқулықтар жарық көрді. Бүгін таныстырылған кітаптар білім алушылардың кәдесіне жарайтындай құнды еңбектер екені даусыз дейді жиналғандар. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ғалымдардың мың кітабы ұлттық кітапханаға тарту етілді.

Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы:
Тұңғыш Президент айтқандай білім – кітапта. Келешекте компьютерде отыратындардың орнын кітап оқитындар басып кететін болады деді. Сол себептен кітаптың орны бөлек.  Осы университетте қызмет еткен ғалымдардың еңбектерінің көрмесін көріп, бір қуанып марқайып тұрмыз.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу