Дәрігер: Үнді штамы жүйке талшықтарын зақымдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігер: Үнді штамы жүйке талшықтарын зақымдайды

08.07.2021

Коронавирустың «Дельта» штамы адамның өкпесін ғана емес, жүйке талшықтарын да зақымдайды. Осылай деген Қазақ ұлттық медициналық университетінің профессоры Күләш Құрманова тұрғындарға қауіпті індеттен қалай сақтану керектігін түсіндірді. «Дельта» штамы өзге штамдарға қарағанда 60 пайызға жұқпалы әрі өлім қаупі жоғары. Аурудан айыққан соң иммунитетті қалыпқа келтіру кезеңі әркімде әрқалай өтуі мүмкін. Оның барлығы адамның денсаулығына байланысты. Егер популяцияда ұжымдық иммунитет қалыптасса, вирус мутацияға ұшырамайды. Өйткені ол тек тірі жасушаларда көбейеді. Сондықтан, жаппай вакцина алу керек дейді дәрігер.

Күләш Құрманова, медицина ғылымдарының докторы:
Жиі кездесетін белгілері бас ауырады, жүрек айниды, құсады, іші ауырады. Қорғану бір ақ жол.  Вакцина алу керек.  Барлық вакциналар жақсы әсер береді. Қорғайды.


Хабарламаларға жазылу