Ресейдің бірнеше өңірінде орман өрті қаулап жатыр
Ресейдің бірнеше өңірінде орман өрті қаулап жатыр. Осыған орай елдің 4 субъектісінде төтенше жағдай жарияланып, 54-де өртке қарсы айрықша тәртіп күшіне енді.
Бір тәулікте 8700-ден астам гектар аумақта 97 от ошағы сөндірілген. Әлі де 440 мың гектар жерде лапылдаған жалынды өшіру қажет.
Тілсіз жау, әсіресе, Якутияда дес бермей жатыр. Бұл өңірде "Олекминский" қорығы мен "Ленск бағаналары" табиғи саябағында бірнеше жерде от тұтанған. Оларды тоқтатуға Ми-8 тікұшақтары тартылып отыр.
Бұдан басқа, жасыл желектер Камчатка, Магадан, Иркутск облыстарында, Чукотка, Приамурье, Курганск, Тюменьде де жанып жатыр. Олармен күреске 5 мыңға жуық өрт сөндіруші маман, 850 дана техника, 28 әуе кемесі жұмылдырылған.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03