Шымкентте ерікті түрде екпе алған студенттер жеңілдікке ие болуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ерікті түрде екпе алған студенттер жеңілдікке ие болуда

07.07.2021

Шымкентте ерікті түрде вакцина салдырған студенттер оқу ақысын төлеуде жеңілдікке ие болып, түрлі қалаларға тегін саяхат жасай алады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде вакцина салдырған қызметкерлерге демалыс беріледі. Ал екпені түгел алған топтардың тәлімгерлері мен старосталарына 30-50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Сондай-ақ осы лектегі 50 студент жатақханаға бірінші кезекте орналастырылады. Әрбір жүзінші студент Түркістан мен Нұр-Сұлтан қаласына тегін экскурсия жасайды, ал бес жүзінші студентке сыйлыққа планшет беріледі. Осындай ынталандырудың нәтижесінде университет қызметкерлерінің 90 пайызы , студенттердің тең жартысы екпе алып үлгерді.

Жанерке Тұрсынбек,  студент:
Бүгін өз денсаулығымды ойлағандықтан өз еркіммен вакцина салдырдым. Түрлі жеңілдіктер қарастырылды. Мен сол жеңілдіктен үміттімін. Ақылы бөлімде оқығандықтан 20 процент жеңілдікті алсам, отбасыма да көмек және өз денсаулығымды сақтандырдым.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу