Қызылорда облысында 79 жастағы қария вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 79 жастағы қария вакцина салдырды

16.09.2021

Қызылорда облысында өңір тұрғындарының 70 пайыздан астамы екпе алған. Бүгінде аймақта індет жұқтырғандар қатары күннен күнге азайып келеді. Ерікті түрде екпе салдырғандардың бірі - 79 жастағы сырдариялық ардагер Қамар Рүстемов. «Сақтансаң сақтайды» деген нақылды ұстанған қария жақында вакцинаның бірінші дозасын қабылдады. Денсаулығыма ешқандай кері әсерін тигізген жоқ, дейді ардагер. Бүгінде ауру-сырқаудан аман, немере-шөбересінің ортасында. Үлкен шаңырақтың отбасы мүшелері де толықтай екпе алған. Жалпы облыста 40 мыңға жуық зейнеткер коронавирусқа қарсы вакциналаудан өткен.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу