ДДСҰ: Әлем пандемияның ең қауіпті кезеңінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Әлем пандемияның ең қауіпті кезеңінде тұр

07.07.2021

Әлем пандемияның ең қауіпті кезеңінде тұр. Себебі, коронавирусың үндістандық «дельта» варианты жер шарының 100-ге жуық елін шарпып, әрі қарай тарап жатыр.

Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Геберейесус мәлімдеді. Оның ойынша, ковидтің тез жұққыш әрі агрессивті нұсқасын тоқтату үшін күллі әлем вакциналануы керек.

Айта кетсек, коронавирусты бүгінде жер шарында 184,5 миллионнан астамы жұқтырып, 3 миллион 992 мыңға жуығы қайтыс болып, 3 миллиард 257 миллионнан астамы екпе салдырды.

Тағы бір сөзінде Адханом планетаның қазір екі-жолды пандемияға душар болғанын атап өтті.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:
Өздеріңіз білетіндей, біз екі жолды пандемиямен бетпе-бет келіп отырмыз. Өз қоғамдарын ашқан елдер бар. Олар науқастарды құтқарып, жеке қорғаныс құралдарымен, тесттермен, оттегімен, вакциналармен қамтамасыз етілген. Ал, өзге бір мемлекеттерде жоқшылық кесірінен ауруханаға түсу, қайтыс болу оқиғалары көп. Олардың тауқыметіне вирустың жаңа нұсқалары қосылып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу