Түркістан облысында Ұлттық домбыра күні тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында Ұлттық домбыра күні тойланды

01.07.2021

Домбыра күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы жаңадан құрылған Сауран ауданының домбырашылары таңмен таласа күй тартты.

Ескі Сауран қалашығына жиналған өнерпаздар ұлттық аспаптың асқақ үнін аспанға шарықтатты. Таңғы бесте жиналғандар ертеңгі ғажайып көріністі тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Осылайша орта ғасырлық ескі Сауран қаласының орны бір сәтке ұлттық киімдегі қыз-жігіттер мен күмбірлеген күйдің ордасына айналды. Мерекелік іс – шараға 30-дан астам өнерпаз қатысып, олар Түргештің «Көңіл ашар», Құрманғазының «Балбырауын» және Динаның «Науысқа» күйлерін орындады. Домбыра күніне орай ұйымдастырылған шара – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл және жаңа Сауран ауданының құрылу құрметіне арналды.

Шерхан Әлібеков,   домбырашы:
Қазақ қазақ болып туылғалы осы домбырамен келе жатыр. Ұлттық құндылығымыз дәріптелді. Домбырада нағыз мән, нағыз сана, бүкіл бата, терме, жыр, күллі өнердің жанрлары осы домбырада. Домбыраны тыңдап өскен қазақтың әрбір баласы саналы ұрпақ болмақ.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу