Маңғыстауда карантиндік шектеулер күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда карантиндік шектеулер күшейтіледі

01.07.2021

Маңғыстауда кәсіпкерлік нысандарда карантиндік шектеулер күшейтіледі. КСМ: «Ашық» қосымшасы енгізілмеген нысандардың жұмыс уақыты қысқарады. Мәселен, мейрамхана, дәмхана, жазғы кафелер мен қоғамдық тамақтану отындарына таңертең 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат. Онда да келушілерді 50 пайыздан асырмауы тиіс. Діни нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. «Ашық» қосымшасы енгізілген кәсіпкерлік нысандарда өзгеріс жоқ. Дегенмен санитарлық талап баршаға ортақ. Өңірде эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге күрделеніп барады. Өткен тәулікте 81 адамнан қатерлі індет анықталды. Облыста вирусты жұқтыру көрсеткіші 23 пайызға артқан. Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы сенбіден бастап күшіне енеді.

Асылбек Шаров, Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Барлық шектеулер осы бірінші қосымшағамен кәсіпкерлік обьектілер, мемлекеттік квазисекторлар барлығы осы көрсетілген қосымша бойынша жұмыс атқарады. Және маңғыстау облысы аумағында аурудың күрт өсуіне байланысты, сары аймақта бола тұра қызыл аймақтың шгектеулерімен жұмыстар жүргізіледі. 

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу