Алматыда ашық аспан астында кітапхана ашылды
Алматыда алғаш рет саябақтар мен қоғамдық орындарда мобильді кітапханалар жұмыс істей бастады.«Жарқын жаз» деп аталатын жоба аясында түрлі үйірмелер ашылып, әдеби кештер, кездесулер өткізу жоспарланған. Бүгін ашық аспан астындағы алғашқы көшпелі кітапхана «Мұқағали Мақатаев» саябағында ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты кітап оқып, рухани байытуды көздеген жоба барысында оқулықтар көрмесін, шеберлік сағаттары мен балаларға арналған түрлі ойындар өткізіледі.
Бақыт Беделхан, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:Балалар онлайннан шаршап, үлкен сынақтардан өтіп жатқан кезде жазғы демалысының өзін Алматы қаласының ең әсем табиғатының аясында осындай көшпелі кітапханаларды рухани қазына қылып сіңіріп жатса, ол да бір үлкен дүние деп ойлаймын. Алматы қаласының барлық осы бір керемет жерлерінің бәрінде осындай ашық кітапханалар болса, нұр үстіне нұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04