Шетелдегі қандастар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-ға түсе алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қандастар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-ға түсе алады

30.06.2021

Шетелде тұратын қандастардың жоғары білім алуына арналған «Отанға барар жол» байқауы басталды.

Бұл туралы Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры мәлімдеді. Бүгінде Қазақстаннан тыс жерде тұратын 5 млн-ға жуық қандасымыз бар. Солардың ішінде, өз Отанына оралып, білім алып, қызмет істеп, еліміздің дамуына атсалысқысы келетіндер өте көп. «Отанға барар жол» олимпиадасы - осындай қандастарымызды қолдап, Атажұрттан алыста тұратын тұлғалардың тегін білім алуына мүмкіндік беретін олимпиада. Бұл конкурс қандас түлектерге ҰБТ тапсырмай-ақ грант жеңіп алуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздарға 20 грант бөлінген.

Маргарита Имандосова, Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры:
Бұл байқаудың 3 кезеңі болады. Бірінші кезеңде қазақтың атақты тұлғалары туралы эссе жазу керек. Екінші, неге Халықаралық білім беру корпорациясын таңдап отырсыз? Сосын сұхбаттасу кезеңі онлайн өтеді.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу