Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері басқа университеттерге ауыса алады
Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.
«Жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Енді ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылған, сондай-ақ жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпестен бірден басқа ЖОО-ға ауыса алады. Бұл норма оқуларын жалғастыру барысында студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған», - делінген хабарламада.
Қазір министрлікте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған ЖОО білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа ЖОО-ға ауыса алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Санаулы минуттан соң «Қайрат» - «Олимпиакос» матчы басталады
09.12.2025, 20:16
Білімді әрі адал ұрпақ – ұлт болашағы
09.12.2025, 20:14
Маңғыстау облысында 18 инвестициялық жоба жүзеге асты
09.12.2025, 20:13
Тұрғындар зейнетақы қорынан жылдағыдан 2 есе көп ақша алған
09.12.2025, 20:09
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті
09.12.2025, 20:07
Еліміздегі жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр
09.12.2025, 20:04
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
09.12.2025, 20:03
Президент Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
09.12.2025, 20:02