Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

29.06.2021

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-түрікмен қатынастарының мызғымас сипатын нақтылап, екіжақты ықпалдастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Әрі түркмен басшысы қазақ басшысын биыл Түрікменстанға ресми сапармен келуге шақырды. Соның аясында маңызды келісімдерге қол қойылмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруды қабыл алды және биыл күзде Ашхабадта өтетін VI Каспий саммитіне қатысуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ тараптар өңірлік ынтымақты жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты алдағы ұжымдық шаралар жайында пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу