Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченконы қабылдады
Мемлекет басшысы сондай-ақ Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченконы қабылдады. Президент Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық салалардағы байланысы мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы ықпалдастығын оң бағалады. Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық салалардағы байланысын нығайта түсу де басты назарда екенін атап өтті..
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Президенттеріңіз Александр Лукашенкомен сөйлестім. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде пікір алмастық. Қазақстан үшін Беларусь, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ел. Ынтымақтастығымызды нығайтып, дамыта беру үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Әрине, бұл уағдаластықтар бір сәттік емес, сондықтан оған байыппен қарап, жүктелген міндеттемелерді орындауымыз керек.
Роман Головченко, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі:Біз әрдайым одақтас әрі серіктес елміз. Адами фактор – іскерлік қатынастарды дамыту үшін аса маңызды. Сондықтан пандемиядан кейінгі кезеңде сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың қарқынды дамитынына сенімдіміз. Беларусьтің Қазақстанға, ал Қазақстанның Беларуське шығаратын экспорты жылдам артып келеді. Бұл Қазақстан үшін өте жақсы фактор болып табылады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07
«Аналардың жүрегі» сарбаздар аналары кеңесі» көңіл білдірді
25.09.2026, 17:05
Партиялар әскери қызметшілердің жақындарына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 17:04
Дипломатиялық өкілдіктерде ту төмен түсірілді
25.09.2026, 17:03