Қабиболла Жақыпов Түркімен Мәжілісінің делегациясын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабиболла Жақыпов Түркімен Мәжілісінің делегациясын қабылдады

14.05.2015
Қабиболла Жақыпов  Түркімен Мәжілісінің делегациясын қабылдады

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Түркімен Мәжілісі төрағасының орынбасары Гурбангуль Байрамова бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелері сөз болып, отын-энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация салаларындағы әріптестік кеңінен қозғалды.

Қабиболла Жақыпов Түркіменстанның Қазақстан үшін Орталық Азиядағы бауырлас ел, тату көрші, стратегиялық әріптес екенін атап өтті.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу