Шығыс Қазақстанда жолға жартас құлап, көлік қозғалысы кідірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жолға жартас құлап, көлік қозғалысы кідірді

28.06.2021

Шығыс Қазақстандағы республикалық «Өскемен - Алтай» тас жолына жартас құлап, көлік қозғалысы уақытша кідіріп қалды. Жол шетіндегі биік таудан тастардың төмен қарай құлдилаған сәтін көлік жүргізушілері телефонға түсіріп үлгерген. Жолға жауапты коммуналдық мекеме тез арада трассаны тастардан тазартып, көлік қозғалысы қайта жанданды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу